2014-те
басталған айтулы оқиғалардың бірі - жекешелендірудің
екінші толқынының қолға алынуы болды. Науқанда «Қазақстан Темір жолы»,
«ҚазМұнайГаз» бен «Қазақстан Инжиниринг» компанияларының активтері сатылымға
түсті. «Қазақстан
темір жолы» - француздық «Алстом» компаниясына Астанадағы
электровоз құрастырушы зауыттың 25 пайыздық үлесін сатқан. Аталмыш зауыт электровоз
құрастыруға ауқымды тапсырыс алған еді.
Бейінді емес активтерді жекешелендірудің ендігі кезегінде - «Қазтеміртранстың» 49 пайызын сату жоспары
тұр.
Жалпы алғанда, биыл жекешелендіруге тек екі шетелдік сатып алушы қатысты.
Олардың бірі- «ҚазМұнайГаздың»
Румыниядағы бұрынғы активін иемденді. Келер жылы мұнай компаниясы «Евроазия
Эйр» және «Қазмортрансфлоттың» тікұшақ активтерін сатамыз деп жоспарлауда. Айта
кетейік, жекешелендірілген нысандар қатарында стратегиялық объектілер де бар.
Олар - су электр және жылу электр станциялары. Осы орайда,
кейбір мамандар жеке басқармалардың тиімділігіне қатысты күдігі барын айтуда.
Ерғали Бегімбетов, сақтандыру
компаниясының өкілі:
Мұндағы мәселе - олар ашық
бәсекеге түсе ала ма? Егер қаржысын төлеп алған соң, оларға осыған дейінгідей
мемлекеттік тапсырыстар кепіл болса, онда бұл бәсекеге қабілеттілікті арттыруға
жағдай жасай алмайды. Себебі
тапсырыстар кепілдендірілген. Өкінішке орай, біздің елде мемлекеттік
менеджмент, мемлекеттік басқармалар тиімсіз деген түсінік қалыптасқан. Жеке бизнестегі
жағдай да солай. Яғни көптеген компаниялар әлі күнге дейін бәсекеге қабілетті
емес. Себеп -
саудада әлі мықты бәсекелестер жоқ.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ