$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Қарағанды облысында заңсыз аң аулағандар құрықталды

AstanaTV
30.12.2014ж. 13:00
Қарағанды облысында заңсыз аң аулағандар құрықталды

Қарағанды облысында заңсыз аң аулағандар құрықталды. Қару-жарақ асынған 4 жігітті табиғат қорғау полициясының өкілдері арнайы рейд кезінде қолға түсірген. Аңшылар мінген «Уаз-452» көлігі Жезқазған-Ескіталап жолында тоқтатылды.

Тінту барысында Қызыл кітапқа енген киік пен қоян табылған. Сондай-ақ, оқ-дәрілер мен пышақ, бірнеше мылтық тәркіленді. Ұсталғандар киік аулауға шыққанын мойындап отыр. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, арнайы сараптама тағайындалды. Тергеу барысында аңшылардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Болат Тәкішов,  Қарағанды облыстық ІІД табиғатты қорғау полициясының бөлім бастығы:

Барлығы тәркіленіп алынып, зертханаға жіберілді. Іс шара бойынша тергеу амалдары жүргізіледі. Істің барысы қосымша хабарланады.

Айжан ҚУАШ