Ардагерлер үшін айрықша шара. Астанада Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған республикалық шара басталды. «Жеңіске құрмет» деген атаумен ұйымдастырылған акция-марафон бүкіл Қазақстанды қамтитын болады.
Айрықша акция шеңберінде Жеңістің ауыспалы жалаушасы ел аумағын шарлап, республикамыздағы сегіз әскери бөлімшені аралайды деп жоспарланған. Астанадағы 36-шы десант-шабуылдау бригадасынан бастау алған акция еліміздің барлық негізгі әскери бөлімдерінде жалғасын табады. Ел аумағын толық аралап шыққан Жеңіс вымпелы 13 қаңтарда Алматыға жетеді. Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебіне табысталады.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА