Қазақстанда
жанармай бағасы тағы да арзандап, 109 теңгеге түсті. Бұл
жөнінде Энергетика министрлігінің
баспасөз қызметі хабарлады. Аталған ведомство басшысының бұйрығына сәйкес,
бағаларға өзгеріс енгізілді. Мемлекеттік реттеумен белгіленген бөлшек саудада
өткізілетін мұнай өнімдеріне қосымша құн салығын қоса есептегенде,
мынадай баға белгіленді: дизель отынының литрі - 107 теңге, Аи-80 жанармайы -
89 теңге, Аи-92/93 бензинінің литрі - 109 теңге.
Еске салайық, 11 желтоқсаннан
бастап Энергетика министрінің бұйрығымен бөлшек саудада мұнай өнімдерінің
бағасы арзандаған еді. Аи-92 маркалы бензин 128-ден 115-ке түскен.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА