Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Кәсіпкерлік нысандар санитар дәрігерлердің жоспарлы тексерісінен жарты жылға босатылды

AstanaTV
30.12.2014ж. 20:00
1140
Кәсіпкерлік нысандар санитар дәрігерлердің жоспарлы тексерісінен жарты жылға босатылды

Кәсіпкерлік нысандар санитар дәрігерлердің жоспарлы тексерісінен жарты жылға босатылатын болды. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев хабарлады. Тиісті құжатқа бүгін Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев қол қойған. 2015 жылы еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту үшін, жоспарлы тексерілетін нысандар үш санатқа бөлінді. Қауіптілігіне қарай тексеріс жилігі де белгіленіп отыр. 

Әлиақпар Матишев, Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы:

Аса қауіпті емес объектілер тексерістен босатылып, ескертуге көшеді. Барлық тексерілетін нысандар ішінде олардың үлес салмағы 60 пайыз. Оған ұсақ-түйек сауда-саттық нүктелері, қалдықтарды тасымалдау және моншалар жатады. 30 пайызының қауіптілігі орташа. Яғни базарлар, су қоймалары, дайын азық-түлік шығаратын нысандар жылына бір рет тексеріледі. Қалған 10 пайызы - аса қауіпті объектілер. Ол - қоғамдық тамақтану, білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен қамту нысандары. Олар жарты жыл сайын тексерілетін болады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ