$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Мұнайшылар мен металлургтер Мәжіліс сайлауын қолдайды

AstanaTV
25.01.2016ж. 20:00
1409
Мұнайшылар мен металлургтер Мәжіліс сайлауын қолдайды

Мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауын өткізу туралы шешімді мұнайшылар мен металлургтер де қолдайды. Бұл туралы қос қауымдастықтың басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім етті.

«Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығының директоры Әсет Мағауов сайлауды өткізу қиын жағдайға дер кезінде қабылданған шешім деп пайымдады. Ал Николай Радостовец қазіргі реформаларды жүзеге асыру үшін парламенттің төменгі палатасына жаңа депутаттық құрам қажет деді.

Әсет Мағауов, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығының бас директоры:

Тиімді Парламент - ол тиімді заңнаманы даярлаудың және тиісті инвестициялық климатты жақсартудың басты факторы. Шынымен де қазіргі кезде әлемдік энергетикалық нарық төмен бағалардың қысымын басынан өткеріп жатыр. Сәйкесінше, бұл жағдай Қазақстанның мұнай-газ секторына әсер етіп келеді. Осы орайда жер қойнауын пайдалану секторын реттеудің озық шаралары қажет деп ойлаймыз.

Николай Радостовец, ҚР тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры:

Біз соңғы кезде көптеген компания басшыларымен, тау-кен металлургия кешенінің инженерлерімен кездесіп, пікір алмастық. Мен кеншілер, металлургтер және шахтерлер мерзімінен бұрын сайлау өткізу шешімін қолдайды деп айта аламын. Олар Қазақстан Президентіне қолдау білдіреді.

Берік ХАСЕНОВ