$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Шотландияға жақын маңда жүк кемесі апатқа ұшырады

AstanaTV
05.01.2015ж. 10:00
1622
Шотландияға жақын маңда жүк кемесі апатқа ұшырады

«Шотландияда су астына кеткен кеменің жолаушыларын іздестіру жалғасып жатыр», - деп хабарлайды «Рейтерс». Жағалау күзетінің мәліметінше, 2 адам құтқарылды. Өзге жолаушылар мен экипаж мүшелерінің тағдыры әлі де белгісіз. Аударылған кемені жақын жерде өтіп бара жатқан шағын қайық байқаған.

Құтқару операциясына Ұлыбританияның 4 қайығы мен жағалау күзетінің 1 тік ұшағы жұмылдырылды. Жағалаушылар, экипаж апат жөнінде хабарлаған жоқ, дейді. Кеме, ақпарат бойынша, Сингапур жалауымен Германияға қарай бет алған. Оның бортында 25 адам болған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ