$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ақмола облысында қатты жел тұрады

AstanaTV
05.01.2015ж. 10:00
1400
Ақмола облысында қатты жел тұрады

Бүгін Ақмола облысында қатты жел тұрады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. «Қазгидромет» орталығы осындай хабарлама таратты.

Ал, Алматы облысында кеше көзге түртсе көргісіз боран болып, автожолдар жабылды.
«ҚазақАвтоЖол» мекемесінің таратқан ақпаратына сай, Үшарал-Достық аралығында таяқ тастам жер көрінбейтін боран соққан. Осының салдарынан автокөліктердің жолға шығуына жектеу қойылды. Тіпті жүк көліктері мен қалааралық автобустарда да жолдан қалды.

Т. ОСПАНБАЕВА