Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Таразда жол ақысы қымбаттады

AstanaTV
05.01.2015ж. 13:00
1878
Таразда жол ақысы қымбаттады

Ал Таразда жол ақысы қымбаттады.  Қала ішіндегі барлық бағыттағы автобустарда бір реттік жол жүру құны 60 теңгеге көтерілді. Бензин бағасы бірден 16 теңгеге арзандағанына қарамастан, жол жүру құнының бірден 15 теңгеге көтерілгенін жұрт түсінбей дал. Ал жергілікті билік болса, қымбатшылық себебін - автопарктердің екі жыл бұрын бағаны көтеру керектігін айтып, хат жазып келгенімен түсіндірді.

Өйткені тасымалдау мекемелері автобөлшектер бағасының шарықтауымен және бұған дейін бензин бағасы да тым қымбат болғанымен байланыстырады. Соған орай, жаңа жылдан бастап жол жүру тарифін көтеру туралы қаулыны өткен жылдың қыркүйегінде қалалық мәслихат қабылдапты. Қаулы кеше ғана күшіне еніп, қала тұрғындары үшін 60 теңге, яғни 15 теңге қосылды. Ал студенттер үшін 55 теңге. Бұған дейін олар 45 теңгемен жүрген. Ал ҰОС ардагерлері мен әр түрлі топтағы мүгедектер үшін жеңілдікпен жүру сол күйінде қалып отыр.

Балабек Нарбаев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы:

Олар бізден 70 теңге сұраған болатын. 70 теңгеден біз сол жерде айтыс-тартыс, зерделей келіп, көпшілік тыңдауда бір бағаға тоқтағанбыз. Содан кейін 30 қыркүйек айында біз сессияда бұл мәселені 60 теңгемен келісім бердік. Бұл мәслихаттың шешімі болды. Біз осыдан 4 жыл бұрын қабылдағанда, бензин бағасы бөлек етін. Одан кейін қанша рет өсті, мысалы. Одан олар сұранып жазды, енді бүгін бір айдың ішінде түсті деп, қайтадан түсіріп бере алмаймыз ғой.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ