Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Еуроның бағамы төмендеп кетті

AstanaTV
05.01.2015ж. 13:00
1209
Еуроның бағамы төмендеп кетті

Еуроның долларға шаққандағы бағамы күрт төмендеп кетті. The Financial Times жазуынша, еуро қазір 1 доллар 19 цент тұрады. Мұндай көрсеткіш тоғыз жыл бұрын болған. Кәрі құрлық қаржысының құлдырауы Еуроаймаққа Литваның кіріп, ал Грекияның шығу ықтималдығы артып отырғандықтан туындағанға ұқсайды.

Осылайша, еуро 2010 жылғы төменгі рекордын қайта жаңғыртты. Грекияның қаржылық проблемасы дәл сол жылдары туындаған еді. Айта кетерлігі, желтоқсанның ортасынан бері еуроның долларға шаққандағы бағамы 1,26 көрсеткішінде болды. Ал сарапшылар еуро бағамының бәсеңдеуін доллардың қарқын алуымен байланыстырады. Салдарынан Жапон йенасының бағамы өсіп отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ