$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Иран мен ҚХР АЭС салу және мұнайды жеткізу бойынша келісті

AstanaTV
25.01.2016ж. 20:00
1851
Иран мен ҚХР АЭС салу және мұнайды жеткізу бойынша келісті

Экономикалық санкциялардан енді ғана көз ашқан Иран әлемнің көптеген елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен де әріптестігін нығайтуға кірісті. Ақпан айының басында қазақ-иран бизнес форумы өтеді деп жоспарланған. «KAZNEX INVEST» ақпаратына сүйенсек, екі ел арасында бүгінге дейін 60-тан астам мемлекетаралық құжатқа қол қойылған. Алайда, 2009 жылдан бері сауда-саттық азая бастаған. Ал  сауда-саттығының гүлденген тұсы 2008 жыл, ол кезде алыс-беріс 2 млрд АҚШ валютасынан асқан. «KAZNEX INVEST» ақпаратына сай, Қазақстан мен Иранның сыртқы саудасы 2013 жылы 620 млн АҚШ валютасына әупірімдеп жеткен.

Экономикалық тыйымдардан соң мұсылман мемлекеті көптеген елдермен қарым-қатынасын жандандыруға кірісті. Иран мен Қытай атом электр стансасын салып, мұнай жеткізу мәселелері бойынша келісімге келді. Рейтерстің хабарлауынша, Аспан асты елі Иранның оңтүстігінде екі бірдей атом электр стансасын тұрғызбақ. Есесіне, мұсылман мелекеті Қытайға мұнайын жеткізеді. Бұл келісімдерге Иран басшысы Хасан Рухани мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің кездеуінен соң қол жіткізілді. Ол өзінің Таяу Шығысқа жасаған сапары аясында Сауд Арабиясынан соң Иранға барды.

Айта кетерлігі, Бейжің бұған дейін де Иранның сенімді әріптесі болып келді. Және екі жақ осы дәстүрді санкциялар алынғаннан кейін де жалғастырмақ ниетте. Алдағы 10 жылда қос елдің тауар айналымы 600 млрд АҚШ валютасын құрайды деген болжам бар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ