Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда күн жылып, көшелер батпаққа айналды

AstanaTV
06.01.2015ж. 20:00
907
Атырауда күн жылып, көшелер батпаққа айналды

Қыс ортасы бола тұра, Атыраудағы ауа райы күз кейпінде. Қала тұрғындары қаңтардың қақ ортасында қар емес, балшық кешіп жүр. Бүгін жаңбыр аралас қар жауып, орталық көшелердің өзі ми батпаққа айналды. Жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілер әбден әбігерге түсті. 

Өте лас. Адамдарға жүруге қолайлы болу үшін, тазалап тұру керек қой! Оның үстіне қар жылдам еріп кетіп жатыр. Тіпті тазалықшыларды көрмейміз.

Қазір біреу құлап қалса, үсті-басы балшық болмай ма? Кеше бір машина біреудің үстіне шашып кетті. Бет-ауызы бәрі балшық болды. Бір жаққа кетіп бара жатырған, қонаққа шығар.

Ал шаһар тазалығына жауапты мекеме мұндай батпақты тазалауға дәрменсіз. Оны «Арнаулы автобаза» мекемесі басшылығының өзі мойындап отыр. Сондықтан халық ауа райының аязды күнін асыға күтіп жүр. 

Қиямеден Шманов, «Арнаулы автобаза» КМК директорының орынбасары:

Щеткаларды біз көшеге қатты сала алмай тұрғанымыз - айналаны бүлдіреді. Қазір сұйық қой кішкене. Қою болса, бір жөн. Техникамыз дайын тұр. Сұйыққа ештеңе істей алмаймыз. Қазір күрекпен бригадалар бордюр түптерін тазалап, арықтарға айдап жатыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА