Маңғыстау облысында суға алғашқы отандық бұрғылау платформасы түсірілді. Бұл құрылғы - қазақстандық кеме жасау зауытында құрастырылған алғашқы теңізде бұрғылушы
техника. Ол Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдаланылмақ.
Жаңа
құрылғының ерекшелігі - алты метр тереңдіктегі кен көзін бұрғылауға қауқарлы.
Қондырғы америкалық технология негізінде құрастырылды. Жалпы құны 270 млн
долларға бағаланып отыр. Бұрғы платформасы теңізде екі аптаға дейін автономды
жұмыс істей береді. Бір мезгілде 86 адамды көтереді. Мамандардың айтуынша,
қондырғы барлық қауіпсіздік талаптарына сай.
Рақымбек Әміржанов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:
Біз ірі жоба қарсаңында тұрмыз. Болашақта Теңізшевройлды кеңейту - басты
мақсатымыз. Алдын-ала болжам бойынша, өңірлік кеме жасау бағытында кем дегенде
45 мың тонна металл конструкциясын дайындау жоспарда бар. Осының нәтижесінде
аймақтағы үш кеме жасау нүктесі тапсырыстарға толы болмақ.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ