Инфляцияға
байланысты Екібастұздағы көмір өндіретін «Богатырь Көмір» кені жаңа жылда тұтынушылар үшін бағаны көтерді. Бұл
ақпарат «Астана» телеарнасына берілген жазбаша жауапта белгілі болды. Аталған
кен орнын басқаратын «Самұрық-Энерго» және ресейдің «Русала» компаниялары
бағаның көтерілуі маржаның өсуіне әсер етпейтінін хабарлады.
«Богатырь
Көмір» серіктестігі қазақстандық тұтынушылар үшін бағаның өсуін инфляциямен
байланыстырады. Бұған себеп - шығынның өсуі. Еңбек кодексінің талаптарына сай
ұжымдық келісімшартқа негізделіп, жасалып отыр. Оған қоса көмір өндіру
саласында тозығы жеткен өндірістерді қалпына келтіріп, жаңа инвестициялық
бағдарламаларды жүзеге асыру үшін, қыруар қаржы жұмсалады. Дегенмен, бағаның
өсуі маржаның көтерілуіне әкеліп соқпайды. Энергия мен жылуды өндіру үшін көмір
негізгі шикізат болғанымен, оның өндірістегі құны өзін ақтайды. Сондықтан
электр қуаты мен жылудың бағасы орта есеппен алғанда 1,5-2 пайызды
құрайды.
Өткен
жылдың желтоқсан айында «Богатырь Көмір» инвестицияларды жаңғырту мақсатында
Германияның «ThyssenKrupp Industial Solutions AG» компаниясынан қолдау тапты.
Компанияны жетілдіргеннен кейін баға 2020 жылға дейін бір қалыпқа түседі.
Қазіргі уақытта Павлодар облысы мен Сібірдің энергетикалық өндірістері Экібастұз көміріне арнайы салынған. Ресейдің
«Русала» компаниясы көмірді алюминий өндіру үшін сатып алып отыр. Бұл қазба
байлықтың әлемдегі құны кейінгі уақытта күрт өсті. Дегенмен, рубльдің құлдырауы
«Богатырь Көмірдің» Ресей нарығындағы өндірісіне әсер етті. «Павлодар Энерго»
ақпаратына сәйкес, 2015 жылы Екібастұздың жылу электр орталығына тасымалданатын
көмірдің құны 1511 теңгеге өсті. Ал «Евразиялық энергетикалық корпорациясы»
Екібастұздағы «Восточный» өндіріс орны бағаны 1576 теңгеге дейін көтерді.
Қысқасы, аймақтағы көмірдің құны 9-11 пайызға көтеріліп отыр. Салдарынан алдағы
уақытта жылудың бағасы артуы мүмкін.
Асқар
Шөмшеков, «Павлодарэнерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:
Жылу
энергиясын өндірудегі шикізат құны 40 пайызды құрайды. Сондықтан жаңа жылдан
бастап көмір құны өсіп отыр. Біз жағдайды реттеу үшін мемлекеттік құзырлы
органдардан жылу тарифын өсіруді сұрадық.
Самат ҚАНАҒАТОВ