«Нұрсұлтан Назарбаев «Шарли Эбдо»
басылымы редакциясына қарсы жасалған террорлық әрекетке байланысты Француз
Республикасы президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады», - деп
хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Жеделхатта террорлық шабуыл салдарынан
француз азаматтарының қаза тапқаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы үлкен
күйзеліспен қабылдағаны жөнінде айтылған.
«Бүгінгі күні терроризмнің етек алуы
барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан өз
тарапынан халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын лаңкестік пен экстремизмнің
кез келген түрін айыптайды», - делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан оқиға құрбандарының отбасылары мен
туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Франция халқына көңіл айтты.
Жұрағат БАМАН