$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Солтүстік Корея билеушісі Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяға шабуыл жоспарын бекітті

AstanaTV
08.01.2015ж. 13:00
1328
Солтүстік Корея билеушісі Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяға шабуыл жоспарын бекітті

Солтүстік Корея билеушісі Ким Чен Ын ядролық қару қолданып, Оңтүстік Корея аумағын басып алудың жаңа жоспарын бекітті. Бұл турлы оңтүстік кореялық басылым «Чунан ильба» газетіне сілтеме жасап, Итар-тасс агенттігі ақпарат таратты. Басылым солтүстіктен ауған босқындардың дерегіне сүйеніп, Ким Чен Ын шабуыл жоспарын 2012 жылы бекіткені туралы жазады.

«Сол жоспарға сай, Пхеньян билігі Корей Республикасы аумағын, АҚШ әскері көмекке жеткенше, басып алып, небәрі жеті күн ішінде жаулауды көздеген», - деп жазылған мақалада. Осыған орай Оңтүстік Корея үкметі де қамданып, басқыншылыққа қарсы стратегиялық жоспарларын жаңартуды қолға алыпты.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ