Павлодарда ағаштар бүр жара бастады. Аймақта бүгін ауа температурасы +2
градусқа дейін көтерілген. Биологтар мұндай құбылыс қысты күндері бұл өңірде
сирек кездесетінін айтып, алаңдаушылық білдірді. Дегенмен, жыл он екі ай түсін
өзгертпейтін қылқан жапырақтылар үшін аяқасты жылыну қауіпті екенін мамандар
жоққа шығармайды. Жалпы қаңтар басында Керекуде ауа температурасы -15 градус
суықтық тән. Бірақ «Қазгидромет» мәліметінше, 1997 жылы табиғаттың дәл осындай
тосын мінез танытқаны тіркеліпті. Ол кезде сынап бағамы +3,5 градусқа жеткен.
Синоптиктер күн райының бірер күнде өзгеретіндігін болжайды. Қаңтардың онынан
бастап Павлодар облысындағы температура -23, кей жерлерде -28 градус аяз болады
деген болжам жасап отыр.
Татьяна Пономарева, «Берегиня» ҚБ эксперті:
Ауа райының күрт жылынуымен қоса, мұнда техногендік фактор да бар. Яғни
қалада сынап бағанасы біраз жоғары болып келеді. Бұған қар мен әйнектерге
түсетін күн сәулесі себеп. Ультрафиолет және инфрақызыл сәулелер өсімдікке тура
түскендіктен, осындай құбылыстың орын алуы ықтимал.