Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Шымкенттегі хайуанаттар бағындағы оқыс жағдайға байланысты түсініктеме берілді

AstanaTV
09.01.2015ж. 10:00
1545
Шымкенттегі хайуанаттар бағындағы оқыс жағдайға байланысты түсініктеме берілді

Шымкенттегі хайуанаттар бағында болған оқыс жағдайға байланысты түсініктеме берілді. Мамандардың айтуынша, күйзеліс кезінде бірқатар жануарлар «каннибализм» танытады. Қоңыр аю да өз қонжықтарын осылайша жеп қойған.

«Алена» атты қоңыр аю 27 желтоқсанда бірнеше қонжық туған. «Оны апанынан шығып жатқан дауыстар арқылы ажыраттық», - дейді күтушілер. Олардың айтуынша, жаңа жыл түніндегі отшашулардың тасырлаған дауыстарынан мұндағы барлық аң-құстар үркіп, қатты мазасызданыпты. «Қоңыр аю сол кезде оқыс әрекетке барса керек»,- дейді зообақ директоры Сейдолла Жұбаев. Алайда қонжықтарды көзбен көру мүмкін болмағанын айтады. Алена төрт күн бойы апанынан шықпай жатып алған. Тек қаңтардың төрті күні жатқан орнын тексеру кезінде қонжықтар болмай шыққан. Сейдолла Жұбаев: «Бұл аюдың неше қонжықты өмірге әкелгенін сол күйі анық біле алмадық», - деді. 

Сейдолла Жұбаев, Шымкент хайуанаттар бағының директоры:

Жыртқыш аңдар - арыстан, жолбарыс, қасқыр, осы аюлар - қатты стрестік жағдай болған кезінде, бұлардың «каннибализм» дейді, сондай сезім оянып, осы балаларын қорғаған болады ма және бұлардыкі 300 граммдық шақалақ ет сияқты болып тұрады. Содан кейін жеп қоюы мүмкін. Ұрлануы мүмкін емес. Ұрланбайды да. Оны клеткасына кіре алмайды да ешкім, жолай алмайды да. Аю балаларына ешкімді жолатпайды.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ