Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Парижде қаралы күні Эйфел мұнарасының шамдары сөндірілді

AstanaTV
09.01.2015ж. 10:00
834
Парижде қаралы күні Эйфел мұнарасының шамдары сөндірілді

Бүкіл әлем «Шарли Эбдо» журналына жасалған шабуылға қатысты қайғырып көңіл айтуда. Кеше Америка Президенті Барак Обама Вашингтондағы Франция елшілігіне барып, қаза болғандарды еске алды. Германия канцлері Ангела Меркель де Франция елшілігіне  арнайы барып, ел қайғысына ортақтасты. Ал Парижде қаралы күні Эйфел мұнарасының шамдары сөндірілді. Француздар «Шарли Эбдо» журналын жаппай сатып алып, редакцияға қолдау білдіруде.

Парижде түн ортасына дейін күдіктілерді іздеу шаралары жалғасты. Содырлар елдің солтүстігінде де іздестірілді. Аймақта лаңкестік қауіп басым екені жарияланды. Алайда күдікті ағайындылар Шериф пен Саид Куашилер әзірге қолға түскен жоқ. Белгілі болғандай, олар бұдан бұрын  АҚШ пен Франция арнайы қызметтерінің қара тізіміне іліккен. Әзірге полиция шабулыға қатысы бар 7 күдіктіні ұстады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ


Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық