$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Астанадағы №1 жылу электр орталығы техникалық жаңартудың арқасында өнімділігін арттырды

AstanaTV
09.01.2015ж. 10:00
1275
Астанадағы №1 жылу электр орталығы техникалық жаңартудың арқасында өнімділігін арттырды

Астанадағы №1 жылу электр орталығы техникалық жаңартудың арқасында электр энергиясының өнімділігін 15 пайызға арттырмақ. 1953 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан станцияны жаңарту 2010 жылы басталған еді. Ондағы мақсат - станцияны автоматтандырып, электр қуатын аз шығындайтын технологиямен жабдықтау. Сондай-ақ, бу қазандықтарының өнімін арттыру.

Жобалау институтының негізінде жасалған жұмыстардың нәтижесінде станцияда үш бу қазандығы, бір жылу қазандығы, турбоагрегат және электр энергиясын жүргізетін екі секция жабдықталды. Жылу беру тиімділігі 40 калорияға артқан. Ал бу қазандықтарының өнімділігі бұрын сағатына 50 тонна болса, қазір 65 тоннаға көбейді.

Мұқылыс Ашкей, «Астана Энергия» АҚ №1 жылу электр орталығы химиялық цехы басшысы:

Механикалық жолмен көмір түсіру мәселесі шешілді. Және де электр энергиясын беретін бөлімдер жаңартылып, 3-4-секциялар толығымен жаңаланды. Осының арқасында электр энергиясының өнімділігі 15 пайызға дейін артты.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ