Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақан серінің «Балқадишасы» Италия азаматының жүрегін жаулады

AstanaTV
09.01.2015ж. 10:00
1198
Ақан серінің «Балқадишасы» Италия азаматының жүрегін жаулады

Ақан серінің «Балқадишасы» Италия азаматының жүрегін жаулады. Ақпан айында Сан-Ремо қаласында өтетін аңызға айналған музыка фестивалінде осы ән әуелемек. Оны Тони Тури есімді итальян азаматы шырқайды. Біздің тілшілеріміз әуесқой әншімен ғаламтор арқылы байланысып, тілдесті.

Тони Тури - мұнай-газ саласының инженері. Екі жыл бұрын Атырауда ірі мұнай компаниясының бірінде жұмыс істеп жүргенде, қазақтың ғажап әніне ғашық болған. Әннің ұнағаны сонша, ол бүгінде табысты қызметін тастап, кәсіби музыкаға бет бұрды. «Балқадиша» әнін жергілікті халықтан естіп, тарихымен танысқан. «Жүрекке кіріп, бойды алған әуеннің кереметтігін мойындадым»,- дейді. Сондықтан оны итальян тіліне аударып, орындап көрген. Алғашқы альбомын жариялап, оған «Балқадиша» деп ат береді. Қазір «Балқадиша» ән жинағының жарнамасы Италияның барлық қалаларында ілулі тұр. Әуесқой әнші Мадридте тұрады. Музыкадан дәріс алады. Ол Нью-Йорк, Мәскеу, тіпті Астанада өтетін концерттерге шақырту алып қойған. 46 жастағы итальяндық, осыдан 150 жыл бұрын дүниеге келген қазақ әні музыка әлемінде жұлдызын жандырып, әлемге танытады, деген ойда. Ал әннің халықаралық хитке айналарына сенімді.

Тони Тури:

Әуен өн бойыңа қан арқылы тарайтындай. Біз әннің түпнұсқасына скрипканың, дауылпаздың үнін қостық. Нәтижесінде әдемі ән туды.  «Балқадишаны» былтыр қыркүйек айында  Италияда орындадым. Сондай-ақ Алматыда республика сарайында шырқадым. Енді оркестрмен айтсам деймін. Қазір Мадридтегі филармониялық оркестрмен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Және әйелдер хорын қосқым келеді. Тыңдарман үшін әсерлі, әдемі шоу болады деп ойлаймын. Қазақ әнін әлемге тарататынымды мақтан етемін.

Базаркүл ІЗІМОВА