Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбе маңындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

AstanaTV
09.01.2015ж. 13:00
1026
Ақтөбе маңындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

Ақтөбенің іргесінде Мағаджан орман шаруашылығы ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Салдарынан 6 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқыс оқиға кеше кешкі сағат 9-дар шамасында болған.

Облыстық төтенше жағдай қызметінің өкілі Айман Күмісбаева баспанада газ баллоны жарылды деген болжам айтып үлгерді. Алайда, көршілер үй жылытатын газ қондырғысы жарылуы мүмкін деп отыр. Ересектер апат болған мезетте ас бөлмеде отырған. Ал түпкі бөлмедегі 4 бүлдіршіннің үшеуі дін аман. Тек 10 жасар жеткіншектің денесі күйіп, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Баспананың бір жақ қабырғасы опырылған.Терезелері қирап, шатыры қисайып қалған.

Әділбек, Қазбеков куәгер:

Жаңағы аяғы сынғанды мен алып шықтым. Сосын бірнеше жігіт келіп, ана көрші үйіне апарып тастадық. Сосын осылай мына жерде шамалы от болды. Өрт сөндірушілер келіп өшірді. Жедел жәрдем келді уақытында, өрт сөндірушілер, газ қызметі - барлығы келді. Құдайға шүкір, семьясының барлығы аман-сау, үстінде күйігі болғанымен.