$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Барлау қызметінің дерегінше, Ұлыбританияға ірі терактілер жоспарлануда

AstanaTV
09.01.2015ж. 13:00
927
Барлау қызметінің дерегінше, Ұлыбританияға ірі терактілер жоспарлануда

Британия Әл-Каида содырларының құрбанына айналуы мүмкін. Бұл туралы Би-Би-Сиге МИ-5 жасырын барлау қызметінің бас директоры Эндрю Паркер хабарлады. Арнайы қызмет өкілдеріне батысқа қарсы кезекті шабуыл әзірленіп жатқаны белгілі болған. Бұл жағдай Ұлыбританияда көптеген адам шығынына әкелуі мүмкін.

Соңғы үш айда үш бірдей терактіге дер кезінде тойтарыс берілді. Күш құрылымдарының мәліметінше, келесі шабуыл қоғамдық көлік пен қаладағы адам көп жиналатын орындарда болуы ықтимал. «Содырлар қазір Сирияда жаттығып жатыр»,-деген болжам айтылуда. Барлау қызметінің дерегінше, соңғы уақытта Сирияға аттанып кеткен британдықтардың саны 600-ге жеткен. Ал терроризмге қарсы шара ретінде шет елде радикалдар қатарында соғысқан британдықтардың құжаттары күшін жояды.

Соңғы рет Британияда жойқын жарылыс 2005 жылы болды. Лондон метросындағы жарылыстан тұтас қалада қозғалыс тоқтап қалған еді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ


   
orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах