Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Мұхит түбінен құтқарушылар 46 адамның денесін алып шықты

AstanaTV
09.01.2015ж. 13:00
949
Мұхит түбінен құтқарушылар 46 адамның денесін алып шықты

Мұхит түбінен құтқарушылар 46 адамның денесін алып шықты. Олар - апатқа ұшыраған AirAsia әуе кемесінің жолаушылары. Индонезиялық мамандар су астынан шығарылған азаматтардың жеке басын анықтауды жалғастырып жатыр. Сурабайа көмек көрсету орталығында полицейлер марқұмдардың туыстары әкелген суреттермен жұмыс істеуде.

Көптеген отбасылар «әуе апаты қолайсыз ауа-райына байланысты орын алды
» деген болжаммен келіскен сыңайлы. «Алайда, оқиғаға экипаждың қателігі себеп болғаны анықталса, көпшіліктің көңіл-күйі күрт өзгереді», - дейді әлеуметтік қызметкерлер. Оның үстіне жуырда ғана «ұшаққа шамадан тыс жолаушылардың отыруы  мен ішінара жемқорлық апатқа себеп болды» деген мәлімдеме жасалған-ды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ