Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шығыс Қазақстанда заңсыз балық аулаушылар көбейіп кетті

AstanaTV
09.01.2015ж. 20:00
1094
Шығыс Қазақстанда заңсыз балық аулаушылар көбейіп кетті

Шығыс Қазақстанда заңсыз балық аулаушылар қаптап кетті. Жергілікті прокуратура өкілдері, бұған балық инспекциясы мен полиция өкілдерінің өз міндетіне салғырт қарауы себеп болған, дейді. Құзырлы орган балықтың Ресейге тонналап ағылып жатқанын әшкереледі.

Белгілі болғандай, Зайсан ауданында ауыл округі басшыларының бірі ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, көксерке балығын сатумен айналысып келген. Салдарынан мемлекетке келтірілген шығын 130 миллион теңгеден асты. Прокуратура өкілдері браконьерлікпен жақын маңдағы ауыл тұрғындарының да айналысып жатқанына сенімді. Алайда, жергілікті құқық қорғаушылар толтырған хаттамаларда керісінше мәлімет келтірілген.

Бақытжан Ізғұттинов, ШҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры:

Ауылдардағы жағдай баршаға мәлім. Бәрі алақандағыдай. Тек полиция қызметкерлері қол қусырып отыр. Керек болған жағдайда браконьерлерді аты-жөнін, мекен-жайына  дейін білуге болар еді. Кімдердің қайығымен шығып, кімдермен сыбайласып жатқанын да.

Тексеріс кезінде прокуратура қызметкерлері ауланған балық сақталатын 40 тоңазытқышты, сондай-ақ бірнеше қайық пен ауларды әшкереледі. Артынша Ауыл шаруашылық министрлігіне балық инспекциясының бірнеше маманын жұмыстан босату туралы арыз жазылған. Полиция қызметкерлерінің бірнешеуі сөгіс арқалады.

Бағбан Тайымбетов, ШҚО прокуроры:

Неге прокурорлар заң бұзушылық фактілерін полиция қызметкерлерімен салыстырғанда, анағұрлым жылдам әрі дәл анықтайды? Осы сұраққа жауап бар ма? Сонда қызметкерлеріңіз немен айналысып жүр? Тәртіп орнамаса, орындарыңызды босатуларыңызға тура келеді. Мен сіздер үшін браконьерлерді ұстап жүруге міндетті емеспін.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА 

Алдыңғы жаңалық