$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Жаңа жылдың алғашқы аптасында Беларуссияда ұлттық валютаның 30 пайыздық девальвациясы орын алды

AstanaTV
12.01.2015ж. 13:00
828
Жаңа жылдың алғашқы аптасында Беларуссияда ұлттық валютаның 30 пайыздық девальвациясы орын алды

«Независимая газета» басылымы:«Жаңа жылдың алғашқы аптасында Беларуссияда ұлттық валютаның 30 пайыздық девальвациясы орын алды. Мұны билік мойындап отыр»,-деп жазуда. Енді олар ұлттық рубльдің құнын ұстап тұруға алтын қорынан бір тиын да шығармауға бел буды. Қор көлемі қазір 5 миллиард долларды құрайды, бұл қаражат бір айлық импортты қамтамасыз етуге жетеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл 2009 жылдан бергі төртінші девальвация болып тұр. Шетел валютасына қосымша салық бекітілген соң беларусь рублі 30 пайызға арзандаған. Салдарынан қаржыландыру мен депозит, несиенің жарнасы артып отыр.

Сарапшылар:«Бұл қадам халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі мен қатаң экономикалық үнемдеуге алып келеді»,-деп отыр. Беларусь билігі кінәның барлығын екі ел арасындағы сауда-саттықты шектеген Ресейге артуда. Оған жауап ретінде Ресеймен шекарада қайта кедендік бекеттер орнатылды. Ал, Кремль Киевтен проблемалы облигацияларына салған 3 млрд долларды қайта талап еткен күннің өзінде, Украина экономикасы дефолтқа ұшырауы мүмкін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ