$448.05 €486.58 ₽5.82
×

Қазақстан Украина шығысындағы аймақтарға көмек көрсетті

AstanaTV
12.01.2015ж. 20:00
735
Қазақстан Украина шығысындағы аймақтарға көмек көрсетті

Қазақстан Украинаға 380 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен демалыс күндері Украинаның Луганск облысындағы Северодонецк қаласының төтенше жағдайлар қызметі өкілдеріне азық-түлік салынған жүк тапсырылды. Жәрдем ретінде берілген заттардың сертификатын қазақстандық дипломаттар табыс етті.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, барлық азық-түлік Украинаның оңтүстік-шығысына жөнелтілген. Ол - 130 мың дана құтыдағы ет консервілері, 40 тонна қант, 150 тонна жарма және 36 мың литр өсімдік майы. Азық-түліктің жалпы бағасы - 70 миллион теңгеге жуық қаржыны құрайды.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах