Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен
келіссөзге баруға дайын екенін мәлімдеді. «Ол тіпті алдын ала ешқандай шарт
қоймайтынын айтты», - деп хабарлайды «Рейтерс». Бірақ ол үшін Пхеньян диалогқа
баруы керек.
Бұған дейін ақпарат құралдары Солтүстік Корея күнгейдегі көршісіне
қарсы ядролық соғыс жоспарын құрғанын жазды. Ал Корей Халықтық Демократиялық
Республикасы, АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлескен оқу жаттығуларды аяқтаса,
ядролық сынақтарды тоқтататынын мәлімдеді.
Халыққа арнаған жолдауында Ким Чен
Ын бірлескен саммит өткізуге ешқандай бөгет жоқтығын айтты. Бір қызығы - кейбір
сарапшылар: «Қос Корея қайткен күнде де бірігеді», - деп болжайды. «Оған
Пхеньянның Бейжіңмен қарым-қатынасының бұзылуы да ықпал етуі мүмкін»,- дейді.
МөлдІр БАҚЫТ-ҚЫЗЫ