Оңтүстік Қазақстан облысында жекеменшік компаниялардың жанжалынан тұтас
ауыл газсыз отыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Мақтаарал ауданына қарасты
Молдакәрім ауылында газ құбыры былтыр тартылған. Тек, сол газды үйге кіргізу
үшін таласқан қос компания енді бір-біріне сес көрсетіп әуре, деп отыр.
Исабай Қожанов. «ҚазСервис» ЖШС менеджері:
Маған ең төмен түсірген баға 95 теңге деп отыр. Өйткені, 95 теңгенің ішіне ҚазТрансГаздың төлемдерінің бәрін кіргізгеміз.
Марат Мұташев. «ҚазМонтажКом» ЖШС-нің өкілі:
Түнге қарай телефон соғып, 95 тен қойыңдар, атып кетем дейді. Бізге 75 тура
кеп жатыр.
Мердігердің бірі көгілдір отынды үйге кіргізіп беру қызметін 95 мың
теңгеге бағаласа, екінші компания мұны
75 мың теңгеге теңеген. Қос мердігер бір-біріне жұмыс бастауға да кедергі
келтіріп отыр. Ал, араша түсер
жергілікті билік жеке меншікке жарияланған мораторийге байланысты
«кәсіпкерлерге шектеу қоюға құқығымыз жоқ» дегенмен шектелді. Салдарынан қос
компанияға жалтақтаған қараша халық жапа
шегіп жатыр. Көшеде тұрған газдан күдер үзген халық үйренген әдетімен баяғыша
тонналап көмір сатып алып, қарекетін жалғастырып келеді. Себебі, олар
компаниялардың жақын күндері мәселені шеше қоярына сенбейді.
Біз 95 теңгеден ақшамызды құйып қойғанбыз. Енді әйтеуір халыққа неғұрлым төмен болса сол жақсы ғой. Ал мына жақта кеше 75 тен болған біреулердікін өшіріп кетті. Мынау Қазақстанда да сөйтіп 75 тен деген біреулердікін өшіріпті. Білмейміз ғой, бұның ар жағында нендей сыр жатқанын...
Халық байғұс барлығы 95 теңгемен де құрғызайын деп тұр. Ал оған жағдай
көтермейді. Мына жақтан 75 тен келіп тұр. Ал оны да жиырма мың теңге дейді, бұл біздің
ауылға қазір бір айлық азық-түлік.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ