$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Ресей қытайлықтар үшін де шоппинг жасайтын сүйікті елге айнала бастады

AstanaTV
13.01.2015ж. 10:00
833
Ресей қытайлықтар үшін де шоппинг жасайтын сүйікті елге айнала бастады

 Ресей енді тек қазақстандықтар емес, қытайлықтар үшін де шоппинг жасайтын сүйікті елге айнала бастады. «Независимая газета» басылымының мәліметінше, рубль құны түскен соң, Ресей туристерді тарту жағынан Жапония мен АҚШ-ты қуып жетті.

Ресейдегі тауар бағалары орта есеппен 30 пайызға түскен. Сондықтан, Қытайда қаңтар айындағы ресейлік таурларға түгелдей бронь жасалып қойылған. Қытайлықтар Ресейден  көбіне косметика, ұялы телефондар, спорттық аяқ киімдер сатып алуда.

Бірақ, жалпы аспан асты еліндегілер рубльдің түскенінен шығынға ұшырап отыр. Себебі, олардың Ресейге экспорты қысқарған. Әлсіреп кеткен рубльдің әсері қазақстандықтарға да ықпал етуі мүмкін. Сарапшылар:«Ресейдің Қазақстанмен шекаралас қалаларына ағылатын шоп-туристердің екінші толқынын күтуге болады»,-дейді.