$460.79 €490.51 ₽6.02
×

Өткен жылы 1 млн-ға жуық қытайлық отбасы екінші сәбилі болуға өтініш берген

AstanaTV
13.01.2015ж. 10:00
633
Өткен жылы 1 млн-ға жуық қытайлық отбасы екінші сәбилі болуға өтініш берген

«Өткен жылы 1 млн-ға жуық қытайлық отбасы екінші сәбилі болуға өтініш берген. Бұл күткен нәтиженің жартысы ғана», - деп жазады ТАСС агенттігі. Қытай еліндегі былтыр енгізілген өзгеріске сәйкес, бір балалы отбасыларға екінші сәби сүюге рұқсат берілген. Ол үшін ерлі-зайыпты билікке жазбаша өтініш түсіруі тиіс. Бірақ, жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде, қалалық отбасылардың 60-65 пайызы ғана екінші нәрестелі болуға ниетті. Ал ауылда тұратындардың көрсеткіш 90 пайызға жеткен.

Еске салсақ, Қытайдағы бала туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты халықтың қартаю мәселесі өзекті болып тұр. Өткен жылғы дәйек бойынша, бұл елдегі 60 жастан асқан адамдардың саны 200 млн-ға жетіп, халықтың 14,9 пайызын құраған. Ал 2025 жылға таман егде тартқан жандардың саны 300 млн-ға жетеді деген болжам бар.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах