$491.7 €531.28 ₽5.07
×

14 қаңтарда француздық «Шарли Эбдо» басылымы тағы да Мұхаммед пайғамбар туралы карикатурамен жаңа нөмірін жарыққа шығармақ

AstanaTV
13.01.2015ж. 13:00
1390
14 қаңтарда француздық «Шарли Эбдо» басылымы тағы да Мұхаммед пайғамбар туралы карикатурамен жаңа нөмірін жарыққа шығармақ

Француздық «Шарли Эбдо» басылымы 14 қаңтарда тағы да Мұхаммед пайғамбар туралы карикатурамен жаңа нөмірін жарыққа шығармақ. Бұл туралы Франс Интер радиосына берген сұхбатында - сатиралық басылымның қорғаушысы Ришар Малька мәлімдеді. Ақпарат құралдары  журналдың бұл санына «тірі қалғандардың нөмірі» деп атау беріп үлгерді.

Себебі, бұл жолғы карикатураны сонау қайғылы жиынға қатыспаған, яғни аман қалған журналистер шығарып жатыр. Естеріңізге сала кетейін, 7 қаңтар күні 2 террорист журнал редакциясына баса-көктеп кіріп, 12 адамды атып кеткен еді. Оның екеуі полиция қызметкері деген ақпар тарады. Басылымның жаңа нөмірі әдеттегідей 60 мың тиражбен емес, 3 миллион тиражбен шығады.

Журналдың мұқабасында «Мен Шарлимін» деген кестемен Мұхаммед пайғамбардың суреті, ал астыңғы жағында «Бәрі кешірілді» деген жазу болады. Атап өтейін, терактіден соң, Еуроодақ құрамындағы елдердің билігі мемлекет шекарасында қадағалауды барынша күшейтуге шешім қабылдады. Бұл туралы бірер күн бұрын  Еурокомиссия өкілі Наташа Берто мәлім етті.

Т. АМАНАЛИЕВА