Павлодар
облысында бір топ кәсіпкер үй-күйсіз қалуы мүмкін. Қашыр ауданында тұратын 12
шаруа «баспанаңыз саудаға қойылуы мүмкін » деген соттың шешімін алған. Аңырап
қалған тұрғындар не істерін білмей дал. Мәселе «Жұмыспен қамту-2020»
бағдарламасы аясында алынған шағын несиеден басталыпты. Әуеліде бизнесін
дөңгелетеміз деп үміттенген қауым енді мемлекеттік бағдарламаның шарапатын
емес, қасіретін тартып жатқанына ашынады. Елдегі ағайынның мұң-мұқтажын
әріптесім Әсемгүл Мұхитқызы тыңдап қайтқан еді.
Я
стал нищим с миллионными долгами. А если мы останемся без жилья, ну, 5 человек
встанут в очередь на бомжевание.
Владимир
Девятко діни салт-жоралғылар бойынша елге қызмет көрсетеді. «Жұмыспен
қамту-2020» бағдарламасымен алғаш танысқанда, «бұл кәсіпті айналдырып әкетемін
деп сенген едім», - дейді өзі. 10 жылдан
бері айналысқан ісін кеңейту мақсатында 2011 жылы 3 млн теңге көлемінде несие
алған.
Предоставление
микрокредитов, так? И 4 пункт: развитие и обустройство недостающих
инженерно-коммуникационных инфраструктур для проектов.
Оның
қолындағы құжатта бәрі тайға таңба басқандай жазылып тұр. Аталған бағдарлама
негізінде тиісті инфрақұрылымды жеңілдік ретінде жергілікті билік тартып беруге
міндетті екені де анық көрсетілген. Соған сенген кәсіпкер еш алаңсыз керекті
құрал-сайманын алып, шеберхана орнын әзірлейді. Алайда, инженерлік желілерді
қосуға келгенде, әкімдік құрылыс жүргізу үшін рұқсат алуды талап еткен. Бұған
қосымша 750 мың теңге сұрады деп отыр кәсіпкер. Ақыры басталған іс қаңтарылып
қалады.
Владимир
Девятко, кәсіпкер:
Құрал-сайманды
түгел сатып алдым. Бірақ, менде тиісті 380 вольт жоқ. Салдарынан жұмыс та жоқ.
Шеберхананың құрылысы да тоқтады. Әзірге, көріп тұрғандай, мына жерде
ұсталықпен айналысамын. Тек, екі қолдан шыққан өнім қанша болады дейсің?!
Тапқан таянған тиын-тебенім қарызды жабуға жетпейді.
Владимир
екі айдың ішінде бір амалын таппаса, баспанасыз қалмақ. Дәл осындай жағдайға
Федоровка ауылының тұрғыны Алексей Кох та тап болған. Мемлекеттік бағдарлама
аясында алынған несиемен наубайхана бизнесін жандандыруды ойластырады. 4 пеш, 2
нан илейтін агрегат пен 250 нан қалыбын сатып алған кәсіпкер аптасына 120 бөлке
пісіріп, саудалайды. Сөйтіп, 3 ауылды нанмен қамтамасыз етіп отыр. Бірақ суды
бөшкемен тасымалдағандықтан, жұмыс мандымайды деп тарықты.
Алексей
Кох, кәсіпкер:
Бар
үмітім - ел Президентінде! Қарапайым кәсіпкерлердің мұң-мұқтажына құлақ асып,
көмек көрсетсе, дейміз. Бізде бәрі дайын. Құжаттар да, құрал-жабдықтар да, өнім
де бар. Тек, тартып беруге тиісті су құбыры жоқ. Қашыр ауданының бюрократтық
шеңгелінен, шыны керек, әдбен мезі болдық.
4
жылдан бері инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарттыра алмаған
кәсіпкерлер, жоспары жүзеге аспай, қарызға белшеден батып қалған. Аудан басшысы
Жанат Шұғаев, Қашыр өңіріне жуырда тағайындалғанын, бірақ кәсіпкерлердің
проблемасымен танысып жатқанын, айтты. Бұл істе сол кездегі билік тарапынан
жіберілген шикілік те болғанын қоса кетті. Мұны растаған кадр бөлімінің маманы: «Сол кездегі құрылыс бөлімінің жетекшісі
2014 жылдың қаңтарында инфрақұрылымға қатысты дауға ілігіп, істі болған», - дейді.
-Ему
дали 2 года условно по решению суда. -В чем его обвиняли? Он провел вот эти ИКИ
на основании гарантийного письма. Он просто деньги перевел.
Жанат
Шұғаев, Қашыр ауданының әкімі:
Осы
кәсіпкерлердің түгелімен мен өзім әлі кездесем. Проблемаларын шешуге тырысамыз.
Бірақ, әрбір кәсіпкермен, орысша айтқанда, «отдельно разбираться» етеміз.
Тығырыққа
тірелген жандардың айтуынша, бүкіл ауданда мұндай борышкер-кәсіпкерлер саны
оннан асады. Олардың мемлекетке қайтармаған қарызының көлемі 29 млн теңгеге
жеткен. Бүгінде барлығының қолында сот шешімі бар.
Әсемгүл
Мұхитқызы, тілші:
Павлодар
облыстық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, аймақта мүлігіне тыйым салынған
45 ауыл бизнесмені бар. Ауыр жағдайға тап болған олар барлық құзырлы органға
жүгініп, дамыл таппай жүрген көрінеді. Бірақ, проблемалары әлі ашық қалпында.
Егер мәселе шұғыл шешілмесе, екі айдан соң өңір бойынша 150-ге жуық адам далада
қалуы ықтимал.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ