Украина
Қытайдан Ресейді айнала тауар тасымалдайтын «Жібек жолының» жаңа бағытын салу
бастамасын көтергені белгілі. Ресми Бейжің мұны қолдайтынын ашық аңғартты. Бұл
туралы ТАСС агенттігі Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкіліне сілтеме
жасап хабарлады.
Болашақ күре жол Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия мен
Украинаны кесіп өтіп, «Жібек жел» деген атауға ие болады деген болжам айтылуда.
Соңғы пункт - Одессаның теңіз порты. Қытайдан Еуропаға жол ашатын жаңа бағыт - небары 9 күндік жол. Ал Ресей арқылы жатқан жол - 30 күндік. 14 қаңтар күні
аталған мемлекеттердің өкілдері жиналып, дәліз арқылы жүк тасымалының
жеңілдетілген тарифтерін нақтылады.
Айта кетейік, Орталық және Оңтүстік Азияны
Еуропамен жалғайтын «Жібек жолын» салу бастамасы Қытай басшысы Си Цзиньпиннің
2013 жылы Қазақстанға сапары кезінде көтерілді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ