Дүниежүзілік банк 2015 жылғы Ресейдің жалпы ішкі өнімінің өсіміне
қатысты болжамды төрт есе төмендетті. Мұнай бағасының төмендеуін сарапшылар
негізгі себеп ретінде көрсетті деп хабарлайды РИА новости.
0,7 пайызда
тіркеледі деп болжанған түсім 2,9 пайыздық
деңгейінде болады деп күтілуде. Өйткені қара алтын құны көтерілер емес.
«Bloomberg» агенттігі Біріккен Араб әмірліктері мен Кувейттің мәлімдемелеріне сүйеніп, Брент маркалы
мұнайдың бағасы баррель үшін 46 долларға түсті деп жазады. Осы тұста ресей
рублі бағамының түсуі тосын жайт емес көрінеді.
Ал "Ведомости"
нарықта валютаға деген сұраныс артып кетуі мүмкін екенін хабарлайды. Теңгеге қатысты
айтар болсақ, бүгінде рубль бағамы 2,8 теңгеге дейін төмендеді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ