$460.79 €490.51 ₽6.02
×

Ресей рублі екінші күн айтарлықтай құлдырады

AstanaTV
14.01.2015ж. 20:00
461
Ресей рублі екінші күн айтарлықтай құлдырады

Ресей рублі осымен екінші күн айтарлықтай құлдырады. Ал Дүниежүзілік банк 2015 жылғы Ресейдің жалпы ішкі өнімінің өсіміне қатысты болжамды төрт есе төмендетті. «Сарапшылар мұның негізгі себебі мұнай бағасының төмендеуінде екенін атап көрсетті»,- деп хабарлайды РИА-Новости. 0,7 пайызда тіркеледі деп болжанған түсім 2,9 пайыздық деңгейінде болады деп күтілуде. Өйткені қара алтын құны көтерілер емес.

«Bloomberg» агенттігі, Біріккен Араб Әмірліктері мен Кувейттің мәлімдемелеріне сүйеніп, «Брент» маркалы мұнайдың бағасы баррель үшін 46 долларға түсті, деп жазады. Осы тұста Ресей рублі бағамының түсуі тосын жайт емес көрінеді. Ал «Ведомости» нарықта валютаға деген сұраныс артып кетуі мүмкін екенін хабарлайды. Теңгеге қатысты айтар болсақ, бүгінде рубль бағамы 2,8 теңгеге дейін төмендеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах