Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Австралияда футболдан Азия кубогы жолындағы жарыс жалғасуда

AstanaTV
14.01.2015ж. 20:00
1034
Австралияда футболдан Азия кубогы жолындағы жарыс жалғасуда

Австралия мемлекетінде футболдан Азия кубогы жолындағы жарыс жалғасуда. «А» тобында сынға түсіп жатқан жарыс иелері кезекті жеңісін тойлады. Бұл сында Жасыл Құрлықтың өкілдері Оман құрамасын 4-0 есебімен ойсырата жеңді. Кездесу басынан қонақтардың қақпасына тап берген алаң иелері 2-0 есебімен алға шықты. Алдымен, Маккей командасын алға шығарса, артынан қақпашымен бірге бір шыққан Круз есепті еселеді.

Кезекті шабуылдың бірінде Оман командасының қорғаушысы өз айып алаңында тәртіп бұзды. Бұл сәтті көзден таса жібермеген төреші пенальти тағайындады. 11 метрлікті сәтті орындаған Миллиган мүлт кетпеді. Үш голмен шектеліп қалмаған Австралия командасы кездесудің аяғына қарай қонақтардың қақпасына 4-ші голды соқты. Бұл сәтте Юрич командаластарының қошеметіне бөленді. Бұл жетістігінен кейін Австралия құрамасы 6 ұпаймен «А» тобының көшін бастады.

Келесі ойында Оңтүстік Корея құрамасы Кувейт командасымен өзара мықтыны анықтады. Бұл ойындағы жеңіс голын Корея футболшылары бірінші кезеңнің ортасына қарай соқты. Голдың авторы - Нам Тхэ Хи.

Қарымта шабуылға шыққан Кувейт командасы есепті теңестіретін мүмкіндікке ие болды. Бірақ бұл сәтте шабуылшыға сәттілік жетпеді. Қалған уақытта қорғанысы сыр бермеген Оңтүстік Корея құрамасы жеңіс есебін ұстап қалды. 

Самат ҚАНАҒАТОВ 


Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық