Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен АҚШ президенті Барак Обама Ресейге қарсы күш біріктірмек

AstanaTV
15.01.2015ж. 13:00
688
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен АҚШ президенті Барак Обама Ресейге қарсы күш біріктірмек

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен АҚШ президенті Барак Обама Ресейге қарсы күш біріктірмек. Олар Украинадағы дағдарысты жою мақсатымен осындай қадамға барып отырған сыңайлы. Бұл тақырыптағы мақала Times газетінде жарияланды.

Айта өтейік, Ұлыбритания премьер-министрі құрама штаттарға ресми сапармен барған. Саясаткерлердің ойынша, Мәскеу Украинаға қарсы агрессия танытып отыр, сондықтан оған  барынша тойтарыс беру тікелей міндетіміз, дейді қос ел басшысы. Кэмерон мен Обама Киевке экономикалық қолдау көрсетпек ниетте.

«Егер біз халықаралық құқық бұзушылыққа жол берсек, тұрақсыздықтан жапа шегеміз»,-дейді мақала авторлары. Халықаралық қоғамдастық Ресейдің Украина тәуелсіздігіне құл сұғуына көз жұма қарай алмайды, деп қосты олар.


Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА