Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қатаң режимдегі колонияда дәстүрлі қар мүсіндері байқауы өткізілді

AstanaTV
15.01.2015ж. 13:00
945
Қатаң режимдегі колонияда дәстүрлі қар мүсіндері байқауы өткізілді

Темір тордың ар жағындағы хас шеберлер. Қостанайдағы 161/2  қатаң режимдегі колонияда дәстүрлі  қар мүсіндері байқауы  өткізілді. Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған  шара бүгін қорытындыланды. Жазасын өтеушілер ерекше туындыларды бір ай бойы жасаған.

Қардан мүсін қалау үшін абақты аумағындағы ақ ұлпаны түгел жинағанын да жасырмайды. Өз шеберліктерін көрсетуге колониядағы 12 жасақтың барлығы да қатысқан. Ауладағы галереяның негізгі  кейіпкері жаңа жылдың символы болған қой жануары.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған үш мүсіннің  авторлары ақшалай сыйлыққа ие болды. Жеңімпаздар қатарына іліккендер арасында «Қасқыр мен жеті лақ» композициясының авторы да бар. Ал, арғымақ пен ақ тоқтыны қардан қалаған бірінші жасақтың шеберлеріне 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.

Батырхан Төребеков, жазасын өтеуші:

Осы мүсінді салып жатқанда ойымыз үй жақта болады. Үйге тезірек жетсек екен деп. Бұл жерде балалық шақ еске түседі.  Тезірек арманымыз орындалса екен деп ойлаймыз.

Асылхан ЖҮНІСОВ, УК 161/2 түзету мекемесінің жасақ бастығы:

Осы туындыларда жаңағы сотталғандар өз ойын көрсетеді. Енді жақсы жағынан көрсетеді. Сондықтан бұл шараның тәрбиелік үрдісте ерекше әсері бар. Сол үшін де мүмкіндік береміз. 


Заңғар САНАЙ