$499.51 €525.83 ₽4.62
×

«Жеңіске құрмет» акциясы мәресіне жетті

AstanaTV
15.01.2015ж. 20:00
994
«Жеңіске құрмет» акциясы мәресіне жетті

Өткен жылдың желтоқсанында Астанада бастау алған «Жеңіске құрмет» акциясы еліміз бойынша 7 әскери гарнизонды айналып өтіп, батыр Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» мектебінде мәресіне жетті. Жеңістің 70 жылдығына арналған республикалық акция-марафон Қарулы күштердің Жоғарғы қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған. Елдегі барлық ірі гарнизондарды айналған «Жеңіс жалауы» бүгін Ұлттық Ұлан құрмет қарауылының қолынан «Жас Ұлан» мектебінің курсанттарына салтанатты түрде тапсырылды.

Акцияның басты мақсаты - аға буынның батырлық істерін насихаттап, осының негізінде келешек ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Салтанатты шараға Отан соғысының ардагерлері қатысып, жас буын алдында сөз сөйледі. Ал жеңіс жалауы батыр баба есімін арқалаған әскери мектептің мұражайында сақталатын болады.

Мұрат Майкеев, ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы:

Біздің жастар тарихын білуге міндетті. Біздің жерлестердің 1 млн 400 мыңы соғысқа қатысқан, оның арасында 500-і Ұлы соғыс қаһарманын атағын алған. 4 батыр екі мәрте қазақ халқының батыры болды. Ардагерлердің ерлігі мәңгі өшпейді. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ