Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Халықаралық конференцияға қатысушылар ұлтаралық татулықтың Қазақстандық үлгісіне қызығушылық танытты

AstanaTV
15.01.2015ж. 20:00
1516
Халықаралық конференцияға қатысушылар ұлтаралық татулықтың Қазақстандық үлгісіне қызығушылық танытты

Ұлтаралық татулықтың Қазақстандық үлгісі. Осы тақырыпты қамтыған халықаралық конференция бірнеше елдің назарын аударды. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азиядағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы Айгүл Сәдуақасова айтты.

«Этносаралық әріптестік» атты конференция қаңтардың 7-сі мен 9-ы аралығында Швецияның Упсала қаласында өткен. Оған Еуропа мен өзге де құрлық елдерінен 15-тен аса ғылыми орталық өкілдері қатысты. Этносаралық әрiптестiктi қалыптастыру мәселесi талқыланды. Қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар жасаған дәріске қатысушылар ерекше қызығушылық танытқан.

Әсіресе, Балтық елдері мен Англия, Украинадан келген ғалымдардың сауалы көп болды. Оларды негізінен, тіл саясаты қызықтырады. Қазақстандағы 130-дан астам ұлттың бейбіт, татулықта өмір сүруі - оларды ойлантады. Сондықтан шетелдік әріптестер алдағы уақытта Қазақстанға арнайы келіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесімен бөліспек.

Айгүл Сәдуақасова, ҚР Президенті жанындағы МБА Орталық Азиядағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы басшысы:

Әрине, шетелдiктердiң бiзге қояр сауалдары да көп болды. Соның iшiнде Қазақстанның ерекше атап өткен ойлары - қазақстандық модельдiң тиiмдiлiгі және оның бiрiздiлiгi тiкелей бiздiң мемлекеттiк саясат шеңберiнде жүруінің және Елбасының тiкелей басқаруымен отырған саясат деген ой-пікірді де өзіміз тыңдап өттік. 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ