Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Петропавлда электр таратушы компанияның ауласына жабайы түлкі қоныстанған

AstanaTV
15.01.2015ж. 20:00
886
Петропавлда электр таратушы компанияның ауласына жабайы түлкі қоныстанған

Петропавлда электр таратушы компанияның ауласына жабайы түлкі қоныстанған. Мына бейнетаспаны кәсіпорын жұмысшыларының бірі қалта телефонына түсіріп алыпты. Айтуынша, жыртқыш аң мекеме маңына тек таңға жуық келеді. Ал түс ауа көлік қарбаласы басталған кезде, мекемеге жоламайтын көрінеді.

Түлкінің бұл мекемені пана еткеніне бір айдай уақыт болыпты. «Бастапқыда үркіп жүретін, уақыт өте келе адамдарға үйренген болса керек. Қазір ол да, біз де бір бірімізді жатырқамаймыз»,- дейді мекеме қызметкерлері. Олар түлкіні күн сайын тамақтандыруды әдетке айналдырған. «Аң теріс қылық көрсеткен емес», - деп отыр. Осы күнге дейін ешкімге айбат шекпепті. Ал әйелдер жабайы түлкіге «Люся» деген ат қойып үлгерген. 

Вальдер Михель, кәсіпорын қызметкері:

Қасымызда айналып, ойнап жүгіріп жүреді. Таңғы 8-дер шамасында келеді. Жұмысшылар арнайы түлкіге деп, күнде үйден тамақ таситын болды. Бастапқыда кіп-кешкентай еді, қазір өсті біршама.

Абзал ҚҰРМАНКИН