Француздық Charlie Hebdo басылымына шабуыл жасаған лаңкестер қаруды
Бельгиядан сатып алған. Бұл жайында бельгиялық ақпарат құралдарына сілтеме
жасап Франсс Пресс агенттігі хабарлайды.
Белгілі болғандай, 12 адамды өлтіріп,
тағы 11 адамды жаралаған Калашников мылтықтары Брюссельдегі оңтүстік теміржол
аумағынан кем дегенде 5 мың еуроға алынған. Қаржыны Аль-Каида ұйымы берді деген
ақпар да бар.
Сондай-ақ, таяуда париждік басылымға шабуыл жасаған ағайынды
Куашилердің ұйыммен байланыста болғаны расталды. Бірі 4 жыл бұрын Араб түбегіне
барып, террористтік ұйым басшысынан 20 мың доллар алған көрінеді.
Париж
операциясы да сол кезде жоспарланған. Айта өтейік, Йемендік Аль-Каида Charlie
Hebdo-ға жасалған шабуылды өз мойнына
алған.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА