$455 €492.13 ₽5.94
×

«Самұрық-Қазына» шығындарды қысқартып, бірқатар инвестициялық жобаларды тоқтатады

AstanaTV
16.01.2015ж. 20:00
714
«Самұрық-Қазына» шығындарды қысқартып, бірқатар инвестициялық жобаларды тоқтатады

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басы артық шығындарды қысқартып, дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар дайындауы тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қордың басшылығына бүгін осындай тапсырма жүктеді.

Айта өтейік, Мемлекет басшысы Ақордада «Самұрық-Қазына» төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдаған болатын. Ол Президентке шығындарды қысқартуға бағытталған шаралар жайлы баяндады. Сондай-ақ стратегиялық маңызы төмен инвестициялық жобаларды тоқтату жайы да сөз болды. Өз кезегінде Елбасы экспорттық тауарлардың бағасы төмендеген тұста жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.

Еске салайық, «Самұрық-Қазына» қорының басқаруында елдің ірі стратегиялық компаниялары бар. Олардың активтерінің жалпы құны 16 трлн. теңгеден асады. Олар «Air Astana», «Қазақтелеком», «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазМұнайГаз», «Қазпочта» және басқа да ауқымды компаниялар.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» қоры АҚ басқармасының төрағасы:

Елбасының тапсырмасымен біздің компанияларда биылғы жылғы жоспарлар қайтадан қарастырылып, шығындарды қысқарту жөнінде тапсырма берілген болатын. Осыған байланысты ағымдағы шығындарымызды 20 пайызға қысқартып отырмыз. Өндірістегі шығындарды 7,8 пайызға қысқартып отырмыз. Инвестициялық жобаларды асыратын жобаларымызды 18 пайызға қысқартуға мәжбүрміз биыл.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах