$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайында ежелгі дәуір жәдігерлерінің көрмесі ашылды

AstanaTV
16.01.2015ж. 13:00
1338
Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайында ежелгі дәуір жәдігерлерінің көрмесі ашылды

«Оларға дүниенің тылсым құпиялары ашылды». Осындай атаумен Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайында ежелгі дәуір жәдігерлерінің көрмесі ашылды. Онда 300-ге жуық жәдігер қойылған. Келушілер назарына теодолит, нивелир, буссолям сынды біздің заманымызға дейін кезеңде қолданылған географиялық аспаптар ұсынылған.

Сондай-ақ, миллиондаған жыл бұрын жер шарын мекендеген мамонттың сүйектері мен айғұлақтардың қабыршақтары жұртшылықтың назарын аударды. Ең құнды жәдігерлердің бірі – алып шаян. Ол Қиыр Шығыста 1975-ші жылы табылған.

Жәдігер көп ұзамай Қызылжардағы өлкетану мұражайына сыйға беріледі. Бұдан бөлек, көрмеге жұлдызды аспанның 17-ші, 18-ші және 19-ғасырдағы үлгілері қойылыпты.

Рәзипа Тәженова, Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі:

Ең қызықты карта деген айдың картасы, ана жоғарғыда ілулі тұр.16-ғасырда жасалған. Поляк зерттеушілерімен жазылған айлық картасы екен. Ол да біраз жерлерге саяхаттар жасаған. Бізге белгілісі – Қашқар саяхаты. Біраз дүниелерді сызып-жазып, карталарға дейін сызып жазып кеткен. Сол Шоған Уәлиханов туралы мына жерде арнайы витрина бар.

Абзал КУРМАНКИН






orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах