$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Ақтаулық полицейлер Кеден одағы елдерінен сатып алынған көліктер не себепті тіркелмейтінін түсіндірді

AstanaTV
16.01.2015ж. 20:00
956
Ақтаулық полицейлер Кеден одағы елдерінен сатып алынған көліктер не себепті тіркелмейтінін түсіндірді

Ақтаулық полицейлер Кеден одағы елдерінен сатып алынған жаңа авто қожайындарына көліктерін не себепті тіркей алмай жүргенін түсіндірді. Яғни бұл азаматтар транспорттық құралдардың қауіпсіздігі туралы куәлік өткізуі керек. Ал Ақтауда мұндай құжатты ешкім бермейді. Ал егер көлік салоннан емес, қара базардан сатып алынса, еш қиындық туындамайды.

Айта кетейік, жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы келген азаматтарды автокөлік қауіпсіздігі туралы құжат алып кел деп, көліктерін тіркеуге қоймаған. Содан олар ғаламторда шу шығарды. Анық болғандай, мұндай куәлікті Қазақстанның көптеген қалаларында береді екен. Бірақ Ақтауда берілмейді.

Кадим Гумаров, Маңғыстау облысы ІІД АТБ ЭТБ басшысы:

Иә, бұл мемлекеттік стандарт. Мұндай құжатты Ұлттық сараптама беруі керек еді. Ал олардың неге алмағаны біздің құзырымыздағы нәрсе емес. Біз мұның себебін білмейміз. Біздің бір де бір мекемеміз алған жоқ. Атырауда, Ақтөбеде, Шымкент пен Оралда бар. Тұрғындар бізден келіп, қайдан алуға болады деп сұрайды. «Атырауға барыңыздар», - деп жауап береміз. Осындай қиындықтар бар. Бұл құжатты бере алмағанымыз үшін, біз кінәлі емеспіз. Бірақ аталмыш куәлік өте қажет.

Ал көлігін автосалоннан алмағандар үшін машинаны тіркеу қиындық тудырмайды. Әкімшілік полицияға өтініш жазса болды. Ол жақтан көліктің қайдан алынғанын анықтауға сауал жіберіледі. Егер де көлік ұрланғандар тізімінде болмаса, автокөлік тіркеуге қойылады.  

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ