Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкентте 175 млн теңгеден астам мемлекет қаржысын заңсыз иемденген мердігердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
19.01.2015ж. 20:00
746
Шымкентте 175 млн теңгеден астам мемлекет қаржысын заңсыз иемденген мердігердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте 175 млн теңгеден астам мемлекет қаржысын заңсыз иемденген мердігердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпарды Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі таратты. Әлеуметтік топтарға арналған екі бірдей көпқабатты үйдің құрылысына 760 млн теңге бөлінген. Сот-құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысы бойынша мердігер 175 млн теңгенің құрылыс жұмыстарын орындамағаны анықталыпты.

«Тексеру барысында Шымкент қаласының құрылыс бөлімінің тұрғын үй құрылыстарына жауапты бас маманы, техникалық бақылаушы маман және серіктестік директоры алдын ала сөз байласқан», - деп мәлімденген хабарламада. «Ымыра топ арнайы құжаттарға жалған мәліметтер енгізе отырып, құрылыс-жобасы мен сметасында өрескел ауытқуға жол берген. Осылайша мердігер мемлекеттің сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі 175 млн теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденіп, ысырап қылған», - делінген баспасөз хабарламасында. Қазір сезікті директордың үстінен ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармақшасымен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ