$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Ирак мұнай өндіру көлемін ұлғайтты

AstanaTV
19.01.2015ж. 20:00
1521
Ирак мұнай өндіру көлемін ұлғайтты

Ирак мұнай өндіру көлемін барынша ұлғайтты. Елдің мұнай министрі Абдулла Махдиге сілтеме жасаған «Вести Экономика» басылымы осылай деп жазады. Қазір бұл ел тәулігіне 4 млн баррель мұнай өндіруде. Бағдад экспорт мөлшерін де ұлғайтты. Бүгінде Ирак пен Түркия түріктің Джейхан айлағы арқылы күрдтер бақылауындағы аймақта өндірілген 600 мың баррель мұнайды экспорттауға уағдаласқан.

Эр-Рияд та қалысар емес. Сауд арабиясы қара алтын экспортын тәулігіне 7,3 млн баррельге дейін арттырды. Осылайша, мұнай құны 50% дейін құлдырағанына қарамастан, алпауыт елдер өндіріс көлемін қысқартуға асықпай отыр

Ал The Washington Times «Президент Обама мұнайшыларға қарсы соғыс бастады» деген тақырыпта мақала жариялады. Онда Барак Обаманың АҚШ-тың отын-энергетика өндірісін құрдымға кетіру бастамасы жайлы айтылғанҚоршаған ортаны қорғау агенттігі қабылдаған құжат 2025 жылға қарай мұнай мен газ кеніштерінде метан қалдықтарын екі есеге қысқартуды мақсат еткен. Басылымның жазуынша, мұның америкалықтар үшін зияны орасан. Елдің экономикасы құлдырап, энергия тасымалының құны артуы мүмкін. Мыңдаған адам жұмысынан айрылып, бәсекелес елдердің мұнайына тәуелділік ұлғаяды. Мақала авторы бұрын Америка президенті осындай соғысты көмірмен жұмыс істейтін кәсіпорындарға да қолданғанын жазады.  «Және осы қадамның зардабын АҚШ әлі күнге тартып жатыр»,- деп еске салады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА