$521.57 €601.01 ₽6.65
×

ШҚО кен орнында болған жарылыстан зардап шеккендерге 274 мың теңге төленді

AstanaTV
26.01.2016ж. 20:00
1555
ШҚО кен орнында болған жарылыстан зардап шеккендерге 274 мың теңге төленді

Шығыс Қазақстан облысындағы Қасым Қайсенов ауылы маңында болған жарылысқа кінәлілер анықталды. Олқылыққа жол берген кен орнының қожайыны «Инцем» серіктестігінің басшылығы зардап шеккен тұрғындарға 247 мың теңге көлемінде өтемақы төлеген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, төтенше жағдай 21 қаңтарда орын алды. Жарылыс салдарынан ауылдағы дүкен, мәдениет үйі, сондай-ақ бірнеше баспананың әйнектері қираған. Ауыл халқы не болғанын түсінбей абдырап қалған еді. Арнайы құрылған комиссия «серіктестікке тиесілі кен орнындағы жару жұмыстары кезінде қауіпсіздік шарасы ескерілмегенін, олардың тіпті жарылыс жасауға рұқсаты да болмағанын» анықтапты. «Келген шығынды өтеуден бөлек, енді «Инцем» серіктестігінің басшылығы 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелді», - дейді Ұлан ауданының прокуроры. 

Бақытжан Мәмбетов, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының прокуроры:

Мердігер мекеме жару жұмыстарын рұқсатсыз жүргізген. Жергілікті халыққа хабарламаған, ауа райын да ескермеген. Нәтижесінде мердігер «Восток-Универсал» және «Инцем» ЖШС-тері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мансұр ЕСҚОЖИН