$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Қазақстандағы «Жастар саясаты туралы» заң жобасында волонтерлік қозғалысқа арнайы бап арналып отыр

AstanaTV
20.01.2015ж. 10:00
1288
Қазақстандағы «Жастар саясаты туралы» заң жобасында волонтерлік қозғалысқа арнайы бап арналып отыр

Еріктілер қызметі заңды түрде белгіленбек. Қазақстандағы «Жастар саясаты туралы» заң жобасында волонтерлік қозғалысқа арнайы бап арналып отыр. Бұл туралы Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында-Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлімдеді.

Айта өтейік, құжатта волонтерлік қызметтің - жеке және заңды тұлғалар мүддесіне бағытталған пайдалы қоғамдық іс екені жазылған. Аталмыш Заң жобасы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын айқандады. Дәлірек айтсақ, қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, жұмысқа орналастыру мен жұмыспен қамту үшін жағдай жасау.

Сондай-ақ, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту, жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылған.

Тахир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Заң жобасы Мәжілісте қаралғанда депутаттар заң нормаларын жақсартуға және нақтылауға бағытталған бірқатар түзетулер енгізді. Жастар саясатының үш негізгі міндеті белгіленді.

Нақтырақ айтқанда, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту, және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту. Аталмыш заң жобасы жастар ұйымдарының дамуына септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Т. АМАНАЛИЕВА